$ 448.89  477.93  4.76

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен танысады.
Фото: Facebook/BerikUali
Фото: Facebook/BerikUali

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық комбинатына барады", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары