Жаңалықтар 23.11.2020 сағат 12:00

Елордадағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған.
Елордадағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы ауыр.

Барлығы 23 адам 1 және 2 көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 11 жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.

"Науқастардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен уланумен, политравмамен ауруханаға жатқызылды", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Нұр-Сұлтан кафесінде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды

21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған. 

Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада қайтыс болды. 30-дан астам адам жарақат алды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар