$ 498.34  519.72  4.85

Ресейлік актерге қарсы тағы бір іс қозғалды

Бұл іс бойынша алдын ала сот отырысы 23 қарашаға Мәскеу уақытымен 14:00-ге жоспарланған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік актер Михаил Ефремовке қарсы тағы бір іс қозғалды. Апаттан қаза тапқан курьер Сергей Захаровтың туыстары оны жерлеуге өтемақы сұрап отыр. Бұл туралы жәбірленушілердің өкілі Александр Добровинский айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл іс бойынша алдын ала сот отырысы 23 қарашаға Мәскеу уақытымен 14:00-ге жоспарланған.

Добровинскийдің айтуынша, сот Ефремов үстінен моральдық және материалдық шығынды өтеу туралы жазылған арызды қарайды. Бірінші бөлімі - үш миллион рубль, бұл ақшаны актер Захаровтың жесіріне, бауыры мен кенже ұлына төлеген. Ал екінші бөлім - 111 мың рубль, бұл жерлеуді ұйымдастыруда кеткен шығын.

Бұған дейін адвокат арызды қайтарып алмайтынын, жерлеу шығындары өтелген жағдайда, бітімгершілік келісіміне қол қоюға дайын екенін айтқан болатын.

Еске салайық, 8 маусымда кешке Мәскеу орталығында Ефремов мас күйде Jeep Grand Cherokee көлігін басқарып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada фургонына соққан. Фургон жүргізушісі, интернет-дүкен курьері Сергей Захаров ауруханада қайтыс болған.

Атышулы сот процесінің нәтижесінде Пресненский соты Ефремовтә жалпы режимдегі колонияда 8 жылға сотталған, содан кейін Мәскеу қалалық соты мерзімді 7 жарым жылға дейін қысқартқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#актер