Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуропалық Одақтың RA-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын алды. Бұл – ЕО аумағына әуе жүктерін тасымалдауды жеңілдетілген ұйымдастырудың алғышарты.
Әзірге бұл сертификатты алған Қазақстандағы жалғыз әуежай – елорда әуежайы. Яғни, енді тасымалдаушылар Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан/әуежайына немесе елорда әуежайы арқылы Еуропаға жүк тасымалдау процесін кедергісіз жүзеге асыра алады.