$ 494.87  520.65  4.91

Хирург операция жасау кезінде көз жұмды

БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған.

Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды Arablocal.

БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ бұған қарамастан ол жоспарланған операцияны өткізуді талап еткен.

Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.

"Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды", - деді доктор Әл Шехри.

Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары