Вакциналар коронавирусты толығымен тоқтата алмайды, бірақ олар осы вируспен күресте үлкен үміт береді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Технологиялар мен фармацевтикалық әзірлемелер біздің алдымызда жаңа белестерді ашып жатыр. Вакциналар СОVID-19-ны толығымен тоқтатпаса да, біздің барлық сұрақтарымызға жауап бермесе де, олар осы вирусқа қарсы соғыста үлкен үміт береді", - деді Клуге.
Оның айтуынша, соңғы апталарда вакциналар туралы жақсы жаңалықтар жиі айтылып жатыр.
"Дәл осы сәтте мен Еуропалық аймақтың 53 елінде бар ғылыми-техникалық тәжірибе мен білімнің мол байлығын есіме аламын. Алайда, егер біз барлық елдерге вакциналар нарығына тең қолжетімділікті қамтамасыз етпесек, егер вакциналар тиімді қолданылмаса және елдер вакциналарға қатысты күмәнді түсінбесе, бұл әлеует іске асырылмайды", - деді Клуге.