$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда әскери киім сататын сауда орындары тексерілуде

Бүгінгі таңда заңсыз полиция формасын кию және саудалау, пайдалану фактілері көбейіп кеткен.
фото: nur.kz
фото: nur.kz

Алматының тәртіп сақшылары полицияның формалық киімін сататын көтерме және бөлшек сауда нүктелеріне арнайы рейд жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгінгі таңда, заңсыз полиция формасын кию және саудалау, пайдалану фактілері көбейіп кеткен.

«Осыған байланысты арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізу керек болды. Заң бойынша мұндай формаларды сатумен айналысатын саудагер тұтынушыдан қызметтік куәлігін талап етуі тиіс. Алайда саудагерлер бұған көз жұма қарайтыны белгілі. Тәртіп сақшысының формалық киімін кез келген қылмысқа ниетті адам немесе қылмыскерлер оңай сатып алуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағадайлар өте жиі кездеседі. Тұтынушының өтініші бойынша саудагерлер оларға керек полицияның киім үлгісін, әскери шенін, ерекше белгілерін дайындап бере алатындықтары бірнеше рет жүргізілген жасырын тексеру барысында анықталып отыр»,– деді Алматы қаласы Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Саламат Ниязбеков.

Сонымен қатар, ол арнайы рейдттік іс-шаралар барысында алты сауда нүктелерінің қожайындары ҚР ӘҚБК-нің 196-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары