$ 439.4  473.54  4.76

Ақтаулық әйелдер жағалауда жаппай төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

Әйелдердің жаппай төбелесін куәгерлер түсіріп алып, Lada.kz порталының редакциясына жолдаған. Олардың айтуынша, оқиға теңіздің жағалауында орын алыпты.

Алдымен бірнеше әйел біреуін жабылып ұрған. Алайда, кейін бір-бірімен жаға жыртысады. Тіпті, аяқ көтеріп, боевик кинолардағыдай әдістерге де барған. Ал, төбелесті ажыратпақ болған ер азаматтарды олар қуып жібереді.

Басылымның хабарлауынша, төбелестің себеп-салдары белгісіз. Оқиға орнына полиция қызметкерлері сол күйі келмеген. Өйткені, куәгерлер ішкі істер органдарына хабар бермепті. Мұны Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары