$ 443.35  475.54  4.82

Елімізде 1 тәулікте 5 бала суға батып қайтыс болған

Төтенше жағдайлар комитеті тағы да дабыл қағып отыр. Құтқарушылар өткен тәулікте ата-ана қарауынсыз қалған 5 баланың суға ағып кеткендігін мәлімдеді.

29 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Келес өзеніне шомылып жүрген 11 жасар бала суға батып кеткен. Сондай-ақ, дәл осы күні Шымкентте Қарасу өзеніне 4 жасар қыз ағып кетті. Оның абайсызда суға құлап кеткені анықталып отыр.

Алматы облысында да бір күнде екі бірдей бала тілсіз жаудың құрбаны болды. Алдымен Еңбекшіқазақ ауданындағы Балтабай ауылында тұратын 16 жастағы жеткіншек Күш көліне батып кетсе, Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі ауылында 15 жастағы оқушы бала тастанды карьерге толып қалған суға шомылмақ болып көз жұмды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы Мерке өзеніне 7 жасар сәби байқаусызда құлап кетіп қайтыс болған.

Мамандардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың көбі ата-ананың салғырттығынан орын алады екен. Баланы қараусыз жібергеннің салдарынан соңғы уақытта өлім-жітім көбейіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары