25.11.2020, 15:20

АҚШ мамандары дайындап шығарған вакцинаның құны белгілі болды

Фото: interfax.ru
Бұған дейін аталмыш компания вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрайтыны мәлім болған.

Moderna компаниясы жыл соңына дейін 20 млн доза вакцина өндіруді жоспарлап отыр, алайда Еуропаға оның тек аз ғана мөлшері жеткізілетін болады, деп жазды korrespondent.net.  

Коронавируске қарсы вакцинаны америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы өндірмек. Оның бағасы 25-37 доллар арасында болады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі науқасты емдеу шығынымен салыстырғанда бұл әділ баға.  Мақсатымыз табыс табу емес, пандемияны тезірек жеңуге үлес қосу, - дейді компанияның басшысы Стефан Бансель. 

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 20 млн доза вакцина өндіріледі. Алайда Еуропаға оның аз мөлшері ғана жеткізіледі. Дегенмен компания мұнда вакцина жеткізуге дайын. Мұның барлығы келісімшарт негізінде шешілуі тиіс. 

Бұған дейін аталмыш компания вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрайтыны мәлім болған.

BAQ.KZ.

Тегтер: АҚШ вакцина