Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды. Ол – бұрын осы лауазымды атқарған, қазір Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Одан бұрын осы лауазымды атқарған, тамызда сол кездегі облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырған Асылбек Шаров өз өтініші бойынша туған Маңғыстау облысына оралды.
Естеріңізге салсақ, Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитар дәрігер 7 рет ауысты.
Бұған дейін облыста бұл қызметті Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов, Қанат Ғайнеденов және Асылбек Шаров атқарды.