$ 449.58  486.94  4.86

Елімізде ЭКСПО билеттері мемқызметкерлерге мәжбүрлеп сатылуы мүмкін

Қазақстандық мұғалімдер мен дәрігерлердің және мемқызметкерлердің мемлекеттік газеттерге мәжбүрлі жазылуы қоғамда жиі айтылады. Енді бұл газеттерге ЭКСПО көрмесінің билеттері де қосылуы мүмкін. Кеше "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімовтің сөзінен осыны ұқтық.

Жергілікті әкімдік өкілдерімен кездескен Ахметжан Смағұлұлы ЭКСПО билеттерінің сатылмай жатқанын айтып, Алматы облысы әкімінің орынбасарына ескерту жасады.

- Серік (Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев), бұл қалай? 50 пайыз жеңілдік жасап отырмыз, Алматы облысында сондағысы он-ақ билет сатылыпты. Менің өзім қаншауын сатып алғанымды айтпай-ақ қояйын, бірақ бүкіл Алматы облысы сатып алған билеттен көп, - деді Есімов облыс басшылығына ескерту жасап. Оның айтуынша, Қызылорда облысындағы көрсеткіш мұнан да төмен. Ал, жалпы сатылған көрме билеттерінің саны 5 мыңға жетіп отыр.

Демек, бұл ескертуден кейін енді Алматы облысынан бастап өзге де өңірлер қызу билет сатумен айналысады деген сөз. Иә, Серік Тұрдалиев қолына ЭКСПО билеттерін ұстап алып, көшеде сатпайтыны анық. Әкімдікте жұмыс істейтін жүздеген мемқызметкер бар, әкімдікке қарасты білім беру, денсаулық сақтау басқармалары бар, ал ондағы мұғалімдер мен дәрігерлердің саны он мыңдап есептеледі. Міне, 4 000 теңгелік билеттерден құтылудың ең тиімді жолы осы. Яғни, халықаралық көрменің билеттері тағы да сол қолбалаға айналған педагогтарға, медицина, ішкі істер органы қызметкерлеріне мәжбүрлі түрде сатылуы мүмкін. Ал, мемқызметкерлермен көрмені толтыра алмаса студент деген "тобырдың" барын естен шығармау керек. Әкімдіктер жанынан құрылған жастар ұйымдары кез-келген уақытта массовка ұйымдастырып бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары