$ 449.58  486.94  4.86

Әйгілі футболшы Марадона қайтыс болды

Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан.
фото: footballhd.kz
фото: footballhd.kz

Атақты аргентиналық футболшысы Диего Марадона қайтыс болды. 

БАҚ-ның дерегінше футболшының жүрегі тоқтап қалған. 

Қарашаның басында Марадонаның миына қан кетіп, ауруханаға жатқызылған. Ал 11 қарашада ол ауруханадан үйіне қайтарылған. Кейін Марадонаның алкогольге тәуелділігін емдеу үшін емханаға жеткізілгені хабарланды.

 Футболшыға субдуральды гематома операциясы жасалған деген ақпарат бар.

Диего Марадона - 1960 жылы 30 қазанда дүниеге келген. 1986 жылы Әлем чемпионы атағын алса, 1990 жылы әлемнің вице-чемпионы атанды. Аргентина құрамасында 91 матч өткізіп, 34 гол соққан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары