$ 449.58  486.94  4.86

Цой ДДСҰ-ның Қазақстандағы Елдік кеңсесінің өкілдерімен кездесті

Әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі жағдайды ескере отырып, А.Цой К. Кларинвальға 2021-2022 жылдарға арналған келісімге практикалық денсаулық сақтаудың заманауи тәсілдері мен ғылыми-дәлелді практиканы қамтитын іс-шараларды қосуды ұсынды.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің өкілдері - ДДСҰ-ның ҚР-дағы өкілі Кэролайн Кларинваль және медициналық мәселелер жөніндегі аға кеңесші Омар Салехпен кездесу өткізді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған екі жылдық келісімді іске асыру мәселелерін талқылады. Құжат үш бағыт бойынша іске асырылуда – тағы 1 миллиард адамды жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай кезінде қорғау, тағы 1 миллиард адамның денсаулығы мен әл-ауқатын арттыру.

А. Цой мен ДДСҰ өкілдері COVID-19-ға қарсы күрес мәселелері бойынша ынтымақтастықты да талқылады. 2020 жылдың наурыз айынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанға 7 партия жеке қорғаныс құралдары мен гуманитарлық көмек жіберді. Сонымен қатар, ұйым коронавирус пандемиясымен күресуде үнемі техникалық және сараптамалық қолдау көрсетеді. 8 ай ішінде еліміздің 1600 астам медицина қызметкерінің қатысуымен 20 вебинар өтті.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі ДДСҰ Елдік кеңсесінің өкілдерін ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы хабардар етті.

«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2026 жылға дейін қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетеді деп күтілуде, мерзімінен бұрын өлім қаупі 15,43%  дейін төмендейді және негізгі көрсеткіштер бойынша халықтың денсаулық жағдайы жақсарады», - деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітімнің негізгі себептері бойынша жүйелі жоспарлы жұмыс жүргізуде, төртінші жыл тиісті үйлестіру кеңестері жұмыс істеуде. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары, ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі жедел жоспарлар және басқалар іске асырылуда.

Әлемдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі жағдайды ескере отырып, А.Цой К. Кларинвальға 2021-2022 жылдарға арналған келісімге практикалық денсаулық сақтаудың заманауи тәсілдері мен ғылыми-дәлелді практиканы қамтитын іс-шараларды қосуды ұсынды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы 2020 жылғы 14 желтоқсанға жоспарланған МСАК жөніндегі декларацияны ілгерілетудің операциялық тетігін іске қосуға арналған іс-шараны ДДСҰ-мен бірлесіп ұйымдастыруға және өткізуге дайын екенін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары