Аргентина президенті Альберто Фернандес футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты үш күнге қаралы күн жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады "Известия" басылымы.
Eltrecetv мәліметінше, қаралы күн сәрсенбіден басталды. Елде ойын-сауық шаралары тоқтатылып, ұлттық ту түсірілді. Телеэфирлерде спортшының өмірі, карьерасы және жеңістері туралы бағдарламалар көрсетіледі.
Марадона сәрсенбі, 25 қарашада таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ге қарай (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00) Буэнос-Айресте Нордельта ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ олар аман алып қала алмаған.