$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстаннан жіберілген көмек Бішкекке жетті

Гуманитарлық көмек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай көрсетілді.

Қазақстаннан гуманитарлық көмек ретінде жіберілген медициналық бұйымдар мен жабдықтар бүгін Бішкекке жеткізілді деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның құрамында «Тыныс» АҚ-да өндірілген «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Алматыдағы «Dolce pharm» ЖШС және Жамбыл облысында орналасқан «Mega pharm» ЖШС шығарған 2 млн. медициналық бетперде бар.

Гуманитарлық көмек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай көрсетілді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 400 млн. Теңгеге жуық. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес акцияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырды. Жүкті Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары қабылдап алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары