Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі «2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндетті» деп «Еуразия» бірінші арнасы таратқан хабардың ескі ақпарат екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Тілші ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өкілінің сұхбатын 22 қазанда жазып алған. Кейін осы рәсімді қолданысқа енгізу мерзімін ауыстыру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады.
Ведомство өкілдері осы ақпаратты телеарнаға сілтеме жасап таратпауды, бүгін берілетін ІІМ-нің ресми түсініктемесін күтуді сұрайды.