$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бұдан бөлек, мемлекеттік айыптаушы "Құрмет"орденін қоса алғанда, барлық мемлекеттік ордендер мен наградалардан айыруды сұрады.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қызылорда облысында алаяқтық бабы бойынша айыпталып жатқан тұлғаларға жақында сот үкімі шықпақ. Олардың арасында өңірдің бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов та бар. Прокурор экс-шенеунікті сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

№2 қалалық сотында өткен кезекті сот отырысында прокурор аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталып жатқан Қуанышбек Ысқақовты 8 жыл бас бостандығынан айыруды, cондай-ақ мемлекеттік органдарда, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігінен айыруды сұрады.

Сонымен қатар үй қамақты бас бостандығынан айыруға ауыстыру, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу де ұсынылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік айыптаушы "Құрмет"орденін қоса алғанда, барлық мемлекеттік ордендер мен наградалардан айыруды сұрады.

Сондай-ақ прокурор Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы екі орынбасары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосовты Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі (Қатысушылық) және 190 бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп тануды және әрбірін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Дәл осы баптар бойынша ол кәсіпкерлер Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловты кінәлі деп танып, әрқайсысына 6 жылдан жаза беруді сұрады.

Еске сала кетсек, 27 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары