$ 445.66  474.58  4.78

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Үшемге Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл атты есімдер берілді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Түркістан облысы, Келес ауданында төртінші үшемдер дүниеге келді. Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны Майра Омарова облыстық №1 периниталдық орталығында 3 ұл босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үшемге Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл атты есімдер берілді. Бүгінде сәбилер мен анасы «Абай» ауруханасында ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауына алынған. Нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне шығарылып жатыр.

Айта кетейік, үшем дүние келген отбасының 1 ұл мен 1 қызы бар. Бұған дейін аудандағы Бірлік және Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінде үшемдер туған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары