$ 494.87  520.65  4.91

СҚО қарасты аудандық соттың есепшісі айыппұл арқалады

Белгілі болғандай, бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық жоспары құрған Алтын Төтебаева ай сайын білім беру бөлімінде пайда болған ақша қаражатын үнемдеуді өзінің жеке карточкалық шотына есептеген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық сотының үкімімен ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған аудандық білім бөлімінің бас бухгалтері Алтын Төтебаеваға 3 жыл мерзімге қаржылық қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Белгілі болғандай, бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық жоспары құрған Алтын Төтебаева ай сайын білім беру бөлімінде пайда болған ақша қаражатын үнемдеуді өзінің жеке карточкалық шотына есептеген.

«Бюджет қаражатын өтеусіз алудың әзірленген схемасын білім бөлімінің басшылығы, сондай-ақ, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар анықтамағанына көз жеткізгеннен кейін, бас бухгалтердің орынбасары, ал 2017 жылғы 3 қазаннан бастап бас бухгалтер атанған А.Ж. Төтебаева өзінің заңсыз әрекетін жалғастырды. 2017 жылғы қаңтар мен 2019 жылғы желтоқсан аралығында А. Ж. Төтебаева бюджеттен 5 млн 657 мың 423 теңге жымқырды», - деп хабарлады СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Уәлиханов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшылығы тарапынан бағынысты қызметкерлерге тиісті ведомстволық бақылаудың болмауынан мемлекет бөлген бюджет қаражатын жымқыруға мүмкіндік берді деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары