Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға арналған іс-шаралар, сондай-ақ, мектептер мен театрларда жаңажылдық шыршалар өткізіле ме деген сауал жолдады.
"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - делінген комитеттің жауабында.
Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.