$ 494.87  520.65  4.91

Санитар дәрігерлер карантинді бұзған клубтарды сотқа беріп жатыр

"Небо" түнгі клубы шектеу режимін үш рет бұзды, оған 950 мың теңге айыппұл салынды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Санитар дәрігерлер карантин ережелерін бұзған клубтар мен мейрамханаларды сотқа берді. Бұл туралы онлайн брифингте Алматының бас мемлекеттік дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Небо" түнгі клубы шектеу режимін үш рет бұзды, оған 950 мың теңге айыппұл салынды, сотқа клуб қызметін тоқтата тұру бойынша талап арыз жіберілді, одан кейін қылмыстық жауапкершілік артылады. Медеу ауданындағы 9 шұғыл хабарлама бойынша 5 материал жіберілді. Олар "Манана" мейрамханасы, "Отырар бар", "Централ" кафесі, "Hookan Dreems" лаундж бар, "Глобал Фудэнд" ЖШС, "Небо" бары. Түрксіб ауданы бойынша 2 материал "Раяна" мейрамханасы ЖК Илахунов, "Атлантис" бильярд клубы", - деді Бекшин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары