$ 444.22  476.38  4.82

Б.Сапарбаев қытайлық инвесторларға тағы бір шүйлікті

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұнай кенішін бұрғылаумен айналысатын қытайлық "Ұлы қорған" компаниясының вице-президенті Мэнь Лянькумен кездесті. Екіжақты әңгіме барысында облыс әкімі қазақ жұмысшыларын қысқартпай, қаражатты басқа шығындарды үнемдеуге кеңес берді. Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығы хабарлап отыр.

Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, компания басшылары қаражат үнемдегісі келсе іс-сапарлар санын қысқарту керек. Өйткені, компанияда жұмыс істейтін шетелдік мамандар өз отандарына жиі қатынайтын көрінеді. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектерді Қытайдан сатып алады екен. Әкімнің пікірінше, бұл да компания үшін қосымша шығын болып отыр.

"Қазір үнеммен өмір сүру керек. Шетелдік мамандарды біздің елге тарту мәселесін қатаң қадағалайтын боламыз. Бізге қазір өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз қажет. Компания 15 жыл бойы мол табыс тауып келді. Сондықтан, қазіргі дағдарыс уақытында құрылтайшылары қолдау көрсетіп, несиені төлеу уақытын созу керек. Қажет болса жарғыға өзгеріс енгізіп, өзге де қызмет түрімен айналыссаңыздар болады", - деді Сапарбаев кездесу барысында.

10 шілде күні "Ұлы қорған" ЖШС жұмысшылардың санын қысқартпау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесе арнайы ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары