$ 444.22  476.38  4.82

Қапшағайда жаңа туған нәрестені қапқа орап көшеге тастап кеткен

Жаңа туған сәби 3 шілде күні Қапшағайдағы "Құрылысшы" саяжайындағы құрылысы бітпеген үй ішінен табылған деп жазады Informburo.kz. Бүгінгі таңда ол ауыр халде жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Нәрестені ойын балалары тауып алған. Олар баланың жылаған дауысын естіп, салынып жатқан үйдің аумағына кіріпті. Ғимарат ішінен қапқа оралған сәбиді тауып алған олар, дереу үлкендерге хабар берген. Оқиға орнына келген дәрігерлердің айтуынша, баланың денесі үсіп қалған.

"Бұл қыз бала. Шала туылған. Тірі, бірақ ауыр халде. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 119 бабы (қауіпте қалдыру) бойынша іс қозғалды. Саяжай ауданында іздеу жұмыстары жүріп жатыр", - делінген Алматы облыстық ІІД бапсасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, жыл басынан бері балаларды көшеге тастап кету фактілері өте жиілеп кеткен. Мәселен, 13 қаңтар күні Жамбыл облысында көлікте босанған қызының сәбиін өгей анасы жолға тастап өлтірсе, содан сәл алдын дәл осы облыста тағы бір жас ана баласын дәретхананың шұңқырына тастап кеткен. Мұндай жайттар Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Алматы облыстарында бірнеше рет қайталанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары