$ 494.87  520.65  4.91

Польшада 50-ден астам қазақстандық жауынгердің қабірі табылды

Тізім салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырылды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгердің тізімі берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарты жыл көлемінде поляк мекемелері жерлеу орындарын іздеу және қазу жұмыстарын жүргізді. Майданға Қазақ ССР-нан шақырылған Қызыл Армия жауынгерлерінің 56 зираты табылып, орнатылды. Тұлғаларды анықтау және өлімнің мән-жайын анықтау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Еліміздегі Польша Республикасының Елшілігі жанындағы әскери атташе подполковник Петр Вуйтович қызыл әскерилердің тізімін салтанатты түрде әскери-тарихи мұражайдың басшысына тапсырды.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңістің жетпіс бес жылдық мерейтойы қарсаңындағы бұл іс-шараның маңыздылығын айта өту керек. Тізімдегі әрбір жауынгер біреудің туысы және атасы болып табылады. Жақындарыңыздың Отанды ерлікпен қорғаған жауынгерлердің қайда жерленгенін білуі өте маңызды», - деп атап өтті музей бастығы подполковник Нұртаза Әсілов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары