Жаңалықтар 29.11.2020 сағат 04:23

20 жастағы ауыр атлет серпе көтеруден Илья Ильиннің рекордын жаңартты

Ол 216 келіні көтерді.
20 жастағы ауыр атлет серпе көтеруден Илья Ильиннің рекордын жаңартты
Фото: inform. kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ауыр атлет серпе көтеруден Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап. 

«102 келі салмақта Артем Антропов серпе көтеруден Қазақстан рекордын орнатты. Ол 216 келіні көтерді. Бұған дейін осы тәсілден Илья Ильин мықты болатын. Оның нәтижесі 208 келі», делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасында жекелеген жаттығулардан жарыстың жетінші күні қорытындыланды. 102 келіге дейінгі салмақта ерлер арасында 1-орын Қарағанды облысынан келген Артем Антроповқа бұйырды.

Оның жиынтық нәтижесі — 373 келі (157+216). 2- орында қызылордалық Рахат Бекболат - 305 келі (135+170) Үшінші орында қарағандылық Алексей Литовченко - 257 келі (115+142)

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар