Жаңалықтар 29.11.2020 сағат 09:46

Марадонаның денесіне жасалған сараптама нәтижелері шықты

Орган зерттеу үшін сақталатын болды.
Марадонаның денесіне жасалған сараптама нәтижелері шықты
фото: zanmedia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аргентина футболында аңыз адамға айналған Диего Марадонаның денесін патологиялық зерттеу нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, Газета.ru дерегіне сілтеме жасап.

Clarin ақпараты бойынша, Марадонаның өліміне созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуінен туындаған өкпе ісінуі себеп болған. Сондай-ақ, кеңейтілген кардиомиопатия анықталды, бұл жүрек камераларының ұлғаюына себеп болатын патология. Орган зерттеу үшін сақталатын болды. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Аргентина прокуратурасы Марадонаның өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғады. Бұл адамды қараусыз қалдыру мен немқұрайды қарау баптары бойынша. 

Еске салайық, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Аргентинада үш күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айрестің маңында ата-анасының қасында "Хардин Белла-Вистада" жерленді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар