«Назарбаев факторы» деректі фильмінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бастамалары туралы баяндалады.
Бұл жайлы ҚР Президентінің Телерадиокешенінің Instagram парақшасында пост жарияланды.
Фильмге түсуге 15 адам шақырылған. Олардың арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
Олар сыртқы саясат, экономика, саяси және әлеуметтік жаңғырту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу сияқты көптеген мәселелер бойынша елдің дамуы туралы ойларын айтқан.
Деректі фильм 30 қараша күні сағат 16:30-да «Хабар» телеарнасынан көрсетілмек.