$ 498.51  522.84  4.81

1-3 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.

Синоптиктер 1-3 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады.

"Республиканың басым бөлігіне аязды, көбіне жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын Моңғол антициклоны өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклонның шұңқырының әсерінен қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары