Қазақстандық журналист Бекболат Қаржан модалар жайлы пікір айтты. Журналистің пікірін көпшілік талқыға салды.
"Дүниедегі ең өтірікші адамдар – молдалар. Көзіңді бақырайтып тұрып өтірік айтқан талай молдынданы көріп жүрмін. Оларға жауап қайтарсаң күнәхар әрі дозақы болады екенсің. Осылар сәл кітап ашып қараса екен. Осы ғана өтінішім бар.
Одан кейін тарих жайында ештеңе айтпасыншы. Мысалы, олар билік басындағы триллиондап (миллиардтап жайына қалды) ұрлап жүргендерді ел тізгінін ұстаған асыл азаматтар дей келе, бір үзік жіпті қалтасына салған кедейді сол үшін көрінде жыланға таланады дейді.
Сонда Құдай тағалам триллиондап қазынаны ұрлағанды асылға жатқызып, кедейді қорлағанның үстіне қорлап, осыншалықты әділетсіз болып тұр ма? Бұл қалай болды? Негізі бұл жерде осылай айтқан, тамағы үшін елді алдаған молда әділетсіз болып тұр. Тозаққа осылай айтқан адам барады. Миллиондардың ақысын жегендер асылдар, бір шүберекті мәжбүр болып қалтасына салған кедейлер әпсанада тозақылық болып шығады. Міне, логика. Менің басымды кесіп алсаңдар алыңдар, шындыққа дұрыс қараңдар. Бұлар Құдай мен халыққа емес, қашанда билікке жұмыс істеп жүрген адамдар ғана", - деді Бекболат Қаржан.
Журналистің пікірін көпшілік талқыға салды.
"Сонда саған мемлекеттің трилионын жеген басшы адамның асылы. Жыртық шүберекті жымқырған кедей тозақы деді ме молда?", "Ислам жақсы ғой. Діни уағыз дұрыс емес, молда болатын адам ханның ығына жығылмау керек", "Қай заманда, қашан болсын, дін өкілдері тек биліктің жағында болған. Оны талай тарихи оқиғалар жазылған деректерден оқып білгенбіз. Әсіресе бұл шындық жайлы Шоқан Уалиханов жазбаларында жақсы көрсетілген. Сонда да кейбір пенделердің осы шындыққа сенбейтіндеріне таң қаласың", "Молданың айтқанын істе, істегенін істеме дейді ғой. Ислам асыл дініміз, тек дінді қаралайтын дүмшелер баршылық. Алла олардан сақтасын!", "Сен сөзіңе жауап бере аласың ба? Сол саған өтірік айтқан молдалардың аты-жөнін айтшы маған????", "Олай жала жапқаның дұрыс болмады. Молдаларды жамандама, ертең өлсең алдына барасың ғой", деді олар.
Дереккөз: stan.kz