Жаңалықтар 30.11.2020 сағат 15:40

Телефонмен талақ айтып, ажырасатындар жазаланатын болды

Заң аясында 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Телефонмен талақ айтып, ажырасатындар жазаланатын болды
Фото: islamnews.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тәжік Парламентінің төменгі палатасында SMS-хабарлама арқылы талақ айтып, ажырасатындарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы енгізілді, деп хабарлады paryz.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Жобада заңды бұзғандарды 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тәжікстан заңдарына сәйкес, SMS арқылы талақ айтып, ажырасу заңсыз болып есептеледі. Елдің Мұсылмандар діни басқармасы азаматтарды мұндай тәжірибеден бас тартуға шақырып келеді. Парламентте құжатты әзірлеп жатқан депутаттардың айтуынша, заң жобасы "адамдарды сөзсіз түрде еркінен ажыратуды" көздемейді.

"Негізгі мақсат - жастарды отбасы мен балаларының алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақыру, көпшілік жағдайда мұндай ажырасулардың құрбаны болып жатқан әйелдердің құқығын қорғау. Соңғы жылдары телефон арқылы ажырасу тәжірибесін сыртта жұмыс істеп жүрген мигранттар көп қолданып жатыр", - деді депутаттардың бірі.

Тәжікстанда SMS арқылы талақ беріп ажырасудың дұрыс еместігі 9 жыл бұрын көтерілген. Онда елдің Дін істері бойынша мемлекеттік комитеті Ақсақалдар кеңесімен бірлесіп, телефон арқылы ажырасуға тыйым салуға пәтуа шығарған.

Ресми мәліметтер бойынша, Тәжікстанда былтыр 12,5 мың отбасы ажырасқан. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрын 10 мың болған. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар