Атыраудағы тергеу изоляторында Тұңғыш Президент күні аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атыраудағы тергеу изоляторында 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай сотталғандар арасында байқау өтті.
Екі бөлімнен тұрған байқаудың басты мақсаты – жастардың патриоттық сезімдерін ояту. Байқаудың бірінші бөлімінде сотталған азаматтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы сұрақтарға жауап берсе, байқаудың екінші бөлімінде Елбасының шығармаларынан үзінді оқып берді.
"Еліміздің әрбір азаматы Елбасымыздың өмір жолынан үлгі алсын, елімізді көркейтуге үлес қоссын деген ниетпен бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз", – деді УГ-157/1 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы Еркебұлан Аманиязов.
Шара соңында жеңімпаз мекеме бастығының алғыс хатымен марапатталды, бұл жетістіктері сотталған азаматтардың жеке істерінде көрсетілетін болады. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында сотқа дейінгі тергеуге қамалған азаматтардан басқа, шаруашылық қызметіне қалдырылған 11 сотталған азамат жазасын өтеуде.