$ 494.87  520.65  4.91

Алматы метрополитенінің қызметкерлері басшыларына шағымданып жатыр

Олардың айтуынша, басшы Айдын Оразханов қоластындағылармен дөрекі сөйлесіп, оларды жаппай жұмыстан босатып жатыр.

Алматы метрополитенінің қайтадан тағайындалған директоры Айдын Оразхановқа қызметкерлері кезекті рет шағымданып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олардың айтуынша, басшы Айдын Оразханов қоластындағылармен дөрекі сөйлесіп, оларды жаппай жұмыстан босатып жатыр.

"Алматыметрополитен" бірнеше қызметкері Алматы әкімдігіне, сондай-ақ Президент Әкімшілігі мен Антикоррға осы жағдайды айтып, хат жазған.

"Айдын Оразханов келгелі бері бір айдың ішінде 40-қа жуық қызметкер жұмыстан шығарылды және бүгінге дейін қызметкерлерге қысым жасалып жатыр. Ол оларды өз адамдарына ауыстырды. Біз кез келген уақытта жұмыстан шығарылуымыз мүмкін", - дейді кіріс жинау қызметі басшысының орынбасары Досым Жолдыбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары