$ 448.89  477.93  4.76

Мысырдан Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

Сондай-ақ, ПТР-дің мерзімі өтіп кеткен анықтамаларымен Нұр-Сұлтан қаласына келген екі шетелдіктің депортацияланғаны белгілі болды.

Кейінгі тәулікте Мысырдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ПТР-дің мерзімі өтіп кеткен анықтамаларымен Нұр-Сұлтан қаласына келген екі шетелдіктің депортацияланғаны белгілі болды.

Комитет мәліметінше, 30 қарашада Қазақстан аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусьтен тоғыз халықаралық әуе рейсі келді. 1 169 авиажолаушының 960-ында ПТР - тестілеудің теріс нәтижесі болса, 209 қазақстандық ПТР анықтамасыз келген.

Анықтамасыз келген қазақстандықтар карантин стационарларына орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды дейді комитеттегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус