$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан халықаралық әуежайы жарамдылық сертификатын алды

Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуеайлақтың жарамдылығы сертификатын тапсырды.

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Аталған тексеру кезінде әуежайдың техникалық базасы мен жабдықты сертификатталуы, әуеайлақ басшылығының және барлық қызметтер мен жабдықтардың құжаттамасы зерттелген. Сондай-ақ, сертификаттық тексеру кезінде әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен әуеайлақ жасанды жабындарының жағдайы, белгіленуі, кедергілерді шектеу және есепке алу мен ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мен ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету жағы қаралған», - деп жазылған хабарламада. 

Сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуеайлақтың жарамдылығы сертификатын тапсырды. Осылайша Түркістан әуежайы ішкі және халықаралық рейстерді, соның ішінде жүк тасымалдау рейстерін қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары