$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы «Абу-Даби Плазаны» Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елордада өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт салынып жатқанын айтты.

Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Абу-Даби Плазаны" Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді.

Елбасы тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan телеарнасына сұқбат берді.

Деректі фильм үзіндісінде Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең биік ғимарат мұнарасына жаңа атау келесі жылы берілетінін айтты.

"Ендігі жылы, Құдай бұйырса, Абу-Даби Плаза мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын. Біздің кең даламызда алыстан көрініп тұратын мұндай биік ғимарат жоқ. Мынау не? Бұл астана ғой, бұл "Қазақстан" мұнарасы деп айтып жүретіндей болады", - деді Елбасы сұқбатында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елордада өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт салынып жатқанын айтты.

"Бір жағынан діни мағынасы бар, екінші жағынан туристік мағынасы бар үлкен, әдемі, зәулім ғимарат пайда болады. Алда, Құдай бұйырса, әлі талай ойлар бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары