$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Оның 8-і коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясынан сегіз адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 707 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 967 бала бар.  

Стационарларда 3 492 науқас жатыр. 10 215 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 223 адамның халі нашар, ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Сонымен қатар бір тәулікте 770 адам инфекция жұқтырды, 232 адам пневмонияға шалдықты. 

Пандемия басталғалы 133 118 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 049 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 42 447 адам пневмонияға шалдықты, 444 адам қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары