$ 445.66  474.58  4.78

Өзбекстанда ер адам әйеліне қолданылған памперстің қалдықтарын мәжбүрлеп жегізген

Әйел журналистер мен жергілікті блогерлерге күйеуінің сегіз жылдан бері мас болып, сабап, кемсітіп келе жатқанын айтқан.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Самарқанд қалалық соты әйеліне қолданылған памперстің қалдықтарын жеуге мәжбүрлеген жергілікті тұрғын Шехроз Каримовты алты жылға еркінен айырды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Өзбек басылымдарының мәліметіне қарағанда, 36 жастағы Каримов "Өлімге дейін жеткізу" және "Денсаулыққа әдейі зиян келтірді" деген баптар бойынша кінәлі деп табылды.

Сотта Каримов кінәсін жарым-жартылай мойнына алып, бірақ әйеліне памперс қалдығын жегізгенін терістеген. Жәбірленуші Мустахкам Вахобова сот үкімімен келісетінін білдірген.

Өткен аптада прокурор соттан Шехроз Каримовты 8,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Биыл жазда Самарқанд тұрғыны Мустахкам Вахобованы күйеуі қатты сабап жатқаны тартылған видео Интернетке жарияланған. Әйел журналистер мен жергілікті блогерлерге күйеуінің сегіз жылдан бері мас болып, сабап, кемсітіп келе жатқанын айтқан.

Бұл видео Интернетке жарияланғаннан кейін Шехроз Каримов үйінен қашып кеткен. 23 тамызда ол Ташкентте ұсталып, Самарқандқа жеткізілген. Бұл іс бойынша сот 12 қарашада басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары