$ 444.22  476.38  4.82

Илон Маск қай жылы Марсқа адам жіберетінін айтты

Бұл мақсатқа жетудің кілті - SpaceX-тің тот баспайтын болаттан жасалған Starship зымыранын жасауы болып отыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

SpaceX бас директоры Илон Маск 2026 жылы өзінің компаниясы Марсқа адамдарды жібереді деген мәлімдеме жасады деп хабарлайды CNBС.

Масктың сөзінше, ол мақсатына шамамен алты жылдан соң жетеді. "Егер біздің жолымыз болса, төрт жылдан кейін болуы мүмкін. Біз екі жылдан соң онда ұшқышсыз басқарылатын кеме жібергіміз келеді", - дейді миллиардер Берлинде өткен Аксель-Шпрингер марапатын табыстау салтанатында.

Кәсіпкер 2016 жылы қыркүйекте егер бәрі жақсы болса, Марсқа 10 жылдан соң адамдарды орналастыруымыз мүмкін деген болатын. Бұл мақсатқа жетудің кілті - SpaceX-тің тот баспайтын болаттан жасалған Starship зымыранын жасауы болып отыр. Компания соның көмегімен Ай мен Марсқа жүктерді және бір мезетте 100 адамды тасымалдауды жоспарлауда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары