$ 494.87  520.65  4.91

«Ұрлаған ақшасымен Батыста тұрып жатқанына 15 жыл болды»: Назарбаев Әблязов туралы айтты

Өзім ұстап, түрмеге қамадым.
фото: vlast.kz
фото: vlast.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр, банкир Мұхтар Әблязов туралы ойын айтты, деп хабарлайды Stan.kz

"Әблязов сатқын емес пе? Мен оны жас кезінде энергетика министрі етіп тағайындадым, ол жұмыс істей бастады. Артынша ұрлық жасап жатқан жерінен ұсталды. Менің оған не қатысым бар? Өзім қызметке алып келдім. Өзім ұстап, түрмеге қамадым. Оған қатысты хаттар бірінен кейін бірі түсіп жатты. Оның достары және туыстары: "Оны кешіріңіз, жіберіңіз" деп жазды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еліміздің тұңғыш президенті Мұхтар Әблязовке кешірім жасағанын атап өтті.

"Ол қазір түрмеде отыратын еді. Ол өтініп сұрағаннан кейін банкке жібердім. Ол не істеді? 7,5 миллиард долларды ұрлап кетті. Ұрлаған ақшасымен Батыста тұрып жатқанына 15 жыл болды.  Жұмыс жасамайды, жалақы алмайды, немен өмір сүріп жатыр? Бұл халықтың ақшасы. Мемлекет ақшаны адамдарға қайтарып берді. Біз әлі де ақшаны іздеп жатырмыз, халыққа біртіндеп қайтарудамыз. Оның неге бұлай жасағанын білмеймін", - деп қосты Назарбаев.

Оған қоса, Назарбаев Әбләзов жұмысқа келгенде білікті маман болғанын айтты. 

"Шетелде өмір сұру оңай емес. Қазақтар "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деп бекер айтпаған. Туған елге, жерге ешнәрсе жетпейді. Менің Әбләзовтың орнында болғым келмейтін еді. Негізі, ол жұмысты жақсы істейтін. Қолынан біраз нәрсе келетін. Бірақ ол қашқын болып шықты", - дейді Назарбаев. 

Елбасы тәуелсіздікті қорғаудың Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. 

"Біз бәріміз тәуелсіздікті қорғауымыз керек. Тәуелсіздікті алуға қарағанда, тәуелсіздікті сақтау қиынырақ. Әсіресе, қазақтар тәуелсіздікті сақтау үшін жұмыс жасауы керек", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Назарбаев арандатушылар туралы да айтып берді. 

"Қазақстанды сынап: "Қазақстанда барлығы жаман, көшеге шық, бәрін құрт" деп сынға алады. Міне, бұл қорлау. Қазақ жігіттері мұндай әрекетке бара ала ма? Осындай жағдайлар менің жүрегімді ауыртады. Амал жоқ,  шыдауымыз керек", - деп сөзін аяқтады Назарбаев.

Еске салсақ, осыған дейін Әблязовтың сыбайласы ұрланған 6,3 миллиард теңгені Қазақстанға қайтарғаны туралы жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары