$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдің ДСМ коронавирусқа қарсы вакцинаны таныстырады

Қауіпсіздік, тиімділік және ұзақ мерзімге созылатын жағымсыз әсерлерінің жоқтығы осы әдіспен әзірленген вакцинаның басты артықшылығы болып отыр.

Екінші желтоқсанда БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілдігі және денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының презентациясын өткізеді.

"Бұл іс-шараға Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко, БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя, Ресей тікелей инвестициялар қорының (РТИҚ) басшысы Кирилл Дмитриев қатысады", - деді РИА Новости агенттігіне тұрақты өкілдіктің баспасөз хатшысы Федор Стржижовский.

Ол "Спутник V: COVID-19-ке қарсы вакцина" виртуалды іс-шарасы БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының алаңында өтетінін мәлімдеді. Отырыс барысында ресейлік препарат туралы толық ақпарат ұсынылатын болады.

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаздың соңында Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығында әзірленген COVID-19 вирусының алдын алуға арналған әлемдегі ең алғашқы вакцинаны тіркеген болатын. Препаратқа "Спутник V" деген атау берілді. Ол адамның егжей-тегжейлі тексерілген аденовирусты векторлары платформасында дайындалды. Қауіпсіздік, тиімділік және ұзақ мерзімге созылатын жағымсыз әсерлерінің жоқтығы осы әдіспен әзірленген вакцинаның басты артықшылығы болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус