WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтар елде жақын арада локдаун енгізілетіні туралы ақпарат таратуды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламада қозғалыс шектеледі, азық-түлік дүкендері де жабылады, тек дәріханаларға баруға рұқсат беріледі делінген.
Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
"Бұл жалған ақпарат. Бүгінгі күнге дейін мұндай қатаңдату шаралары жоспарланбаған. Бұл мәселелер ешбір облыста көтерілген жоқ", - деді комитет өкілі Ержан Байтанаев.
Ол сондай-ақ қазақстандықтарға медициналық маска киюдің және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салып, мүмкіндігінше адамдар көп шоғырланған жерлерге барудан аулақ болуды ұсынды.