Жаңалықтар 03.12.2020 сағат 02:55

Ақмолада мемлекеттік орган тақтайларды 100 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Нәтижесінде бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 4300 000 астам теңгені құрады.
Ақмолада мемлекеттік орган тақтайларды 100 есе қымбатқа сатып алмақ болған
фото: informburo.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақмола облысында мемлекеттік орган құрылыс тақтайларын көтеріңкі бағамен сатып алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Ашық бюджет» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мамандарымен бірлесіп бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін бақылау мақсатында Ашық бюджеттердің интерактивті картасының Рublicbudget.kz сайтына мониторинг жүргізді. 

Мониторинг қорытындысы бойынша Степногор қаласы білім бөлімінің бюджеттік бағдарлама әкімгері қылқан жапырақты ағаштан тілінген тақтайларды жалпы сомасы 4 400 000 теңгеге бір данасын 80 000 теңгеден сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

 Алайда, құрылыс материалдары нарығын және басқа ұйымдардың мемлекеттік сатып алу жоспарларын талдау барысында ұқсас тауардың орташа бағасы бір тақтай үшін 800-ден 2000 теңгеге дейін құрайтыны анықталды. 

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының жоспарланған тауарға оңтайлы бағаны қайта қарау және белгілеу туралы ұсыныстарынан кейін мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Нәтижесінде бюджет қаражатының жалпы үнемделуі 4300 000 астам теңгені құрады.

 «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге және ұстауға бөлінген бюджет қаражаты туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді. Қазіргі уақытта Картада өңір ұйымдарының жалпы сомасы 401,4 млрд.теңгеге 2800-ден астам бюджеті орналастырылған», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Нұртаз.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар