Қарағандылық азамат 60 жастағы тұрғынды зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазыбек би аудандық сотына сілтеме жасап хабарлайды.
Азамат жәбірленушіге осы жылдың жазында көшеде шабуыл жасап, зорлап кеткен. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Арам пиғылды азамат шабуыл жасап, зорлаған уақытта зардап шегушіге дене жарақаттарын салған.
Қылмыс уақытында азамат мас күйде болған. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Зорлау", "Зорлық-зомбылық сипатындағы жыныстық әрекеттер" және "Денсаулыққа орташа дәрежедегі ауыр зиян келтіру" сынды үш бап бойынша іс қозғалды. Сотталушының кінәсі сараптама нәтижелерін қоса алғанда, барлық дәйектер арқылы расталды.
"Сот азаматты кінәлі деп танып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот жәбірленуші тарапынан моральды шығынды өтеу туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ",- деді сотта.