03.12.2020, 14:20

6 желтоқсан күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

Фото: ашық дереккөз
Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.

Жексенбі күні, 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - деп хабарлады City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.