Қазақстандықтар желіде Алматыдағы ойын алаңында көз жұмған баланың видеосын таратуда, деп хабарлайды Stan.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрларда бірнеше жедел жәрдем бригадасының баланы ойын алаңынан қалай алып бара жатқаны көрсетілген. Оқырманның айтуынша, оқиға Алматыда болған. Екі ағайынды балалар бір-бірін таяқпен соғып, нәтижесінде бір бала көз жұмған.
Шындығында бұл кадрлардың Алматыға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды. Қайғылы оқиға 30 қарашада Мәскеуде болды. Екі бала шынымен ойын алаңында жүрген. Кенеттен олардың бірі құлап, сол жерде қайтыс болды.
Кадрлардан баланың теңселіп, басын ұстап құлап түскені көрінеді. Кейінірек дәрігерлер баланың ми қан тамырлары ауруы салдарынан қайтыс болғанын хабарлады.