$ 444.32  473.33  4.76

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Шымкентте көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі –  90-95 %.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Ауа райының бұзылуына байланысты республиканың алты облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда 4 желтоқсанда Түркістан облысының кей аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі –  90-95 %.

Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде 22°С-қа дейін қатты аяз болуы мүмкін. Жолда көктайғақ сақталады. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%.

Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 21.00-ге дейін 2 дәрежелі жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Солтүстік Қазақстан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерге тұман түседі.

Петропавлда да тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95 %.

Ақмола облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа райы болжамының жәлдігі – 85-90%.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары