Нұр-Сұлтанда 4 желтоқсанда мектеп оқушылары қатты аязға байланысты қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Білім басқармасының шешіміне сәйкес 2020 жылғы 4 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты (қатты аяз -25 градус) бірінші ауысымдағы бірінші және бесінші сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылғанын хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында.