$ 447.4  477.55  4.76

Жаңаөзенде инкассаторға пышақпен шабуыл жасап, үш қап ақшаны ұрлап кетті (ВИДЕО)

Инкассация кезінде төрт қылмыскер инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады.

Жаңаөзен қаласында 3 желтоқсан күні жергілікті уақытпен сағат 18:40-та «Көктем» шағынауданында орналасқан «Сбербанк Қазақстан» АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассация кезінде төрт қылмыскер инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады. Алдын ала мәлімет бойынша, қарақшылар жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 ресей рублі салынған үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен. Бұл оқиғаны «Сбербанк» өкілдері растап отыр.

«Шынында да, 3 желтоқсанында, кешке «Сбербанк» бөлімшесінің жанында банкке қолма-қол ақша жинау қызметін көрсететін компанияның кассалық көлік құралына шабуыл жасалды. Шабуыл көлік жүргізушісіне, оның банк филиалына кірген әріптестерін күтіп тұрған сәтте жасалған. Сондай-ақ компания қызметкерлерінің сол оқиғаға дейін басқа ұйымдардан жинаған қаражаты ұрланған. Біз «Сбербанк» тұтынушыларының қаражаты толық қауіпсіздікте екенін хабарлаймыз. Алдын ала ақпаратымыз бойынша, шабуыл салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген жауапта.

«Сбербанк» өкілдері жасалған қылмыстың тезірек ашылатынына, кінәлілер жазаланатынына, ұрланған қаражат иелеріне қайтарылатынына және қылмыстың ашылуына барынша көмек болатынына үміт білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары