$ 442.05  474.14  4.74

Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінің алдында жарылыс болды

Қасиетті Ораза айты бастала сала саудиялық лаңкестер елде бірнеше жарылыс жасап үлгерді. Солардың бірі қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің алдында орын алып отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Жарылғыш затты жанкешті лаңкес іске қосқан. Ол мешіт кешенінің кіреберісінде өзін жарып жіберіп, салдарынан күзетте тұрған екі әскери қызметкер қаза тапты. Жараланғандар көп.

«Әл-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, жақын маңда орналасқан автотұрақтағы бірнеше көлік жарылыс салдарынан өртеніп кеткен. Терактіні әзірге лаңкестік топтардың ешбірі өз мойнына алған жоқ.

Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбар мешіті Меккедегі Қағбадан кейінгі киелі орын саналады. Мұнда соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) жерленген.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, Сауд Арабияның шығысындағы Әл-Катиф қаласында екі бірдей жарылыс орын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары